Орталық қалалық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Біз – бір елдің халқымыз» атты ізгілік пен бірлік кеші өтті. Іс-шараға Степногорск қалалық «Ерлік» мүгедектер қоғамының және «КОС» ҚБ мүшелері жиналды. Кітапханашы мереке тарихымен таныстырып, кітап көрмесіндегі кітаптарға шолу жасады. Қатысушылар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, тағамдарына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді, танымал әндердің әуендерін білді және Степногорск қаласына қалай келгендігі туралы айтты.
«Біз – бір елдің халқымыз» ізгілік пен бірлік кеш