23 сәуір үлгілі балалар кітапханасының кітапханашылары «Сказка» балабақшасына «Бүлдіршіндермен жүздескен кітаптар» атты библио-сапар жасады. Олар «Почемучки» тобының бүлдіршіндеріне кітап оқу әлемінің сиқырын ашып, кітаптар мен журналдардың бай топтамасымен таныстырды. Балалар түрлі-түсті суреттерді қуана қарап, «Добрый и злой сказочный герой» атты викториналық сұрақтарына белсенді жауап беріп, әртүрлі ойындарға қатысып отырды. Кездесу кішкентайларға үлкен әсер қалдырды, және біз олар болашақта кітапханамыздың адал достарына айналады деп үміттенеміз!

«Бүлдіршіндермен жүздескен кітаптар»

Пікір үстеу