23 сәуір Орталық қалалық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап әлем – ғажап әлем» атты кітап фестивалін өткізді. Іс-шараға А.С. Пушкин атындағы №3 мектеп-лецейінің 9 сынып оқушылары мен №4 Болашақ «ОММЛИ» КММ-нің 9 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар оқырмандарды мазмұнды кітап көрмесі арқылы ұлттық әдебиет жауһарларымен таныстырып, отандық жазушылардың шығармашылығына шолу жасап, бейнебаян көрсетілді. Қатысушыларға әдеби викториналар және балалар мен жасөспірімдер үшін ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Қатысушылар «Жүрекке емес, санаға азық сыйлаңыз!» атты кітап сыйлау акциясына белсене қатысты.
Фестивальдің шымылдығы дана Абайдың жүрекке жылы «Көзімнің қарасы» атты әнімен жабылып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.