16 сәуір Үлгілі балалар кітапханасында «Кітап әлемді ашады!» атты әдеби ойын Ұлттық кітап күніне орай өткізді. Іс- шараға Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназияның 5 «А» сынып оқушылары мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар 23 сәуір — Ұлттық кітап күні ретінде ресми түрде белгілен, бұл мереке Президент тапсырмасымен оқу мәдениетін дамыту мақсатында бекітілгені туралы айтты. Оқушылар екі топқа бөлініп, 4 кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап беріп, кітап көрмесімен танысты. Іс-шара соңында мадақтамамен, тәтті сыйлықтар табысталды.
«Кітап әлемді ашады!» әдеби ойын