1 сәуір Үлгілі балалар кітапханасы «Ғажайыптар мен сиқырлар елінде!» –атты әдеби аншлаг Балалар кітабы апталығының ашылуына орай өткізді. Іс-шараға кітапхананың ең үздік оқырмандары мен ата-аналар қатысты. Іс-шараны Степногорск қаласының «Vitaminki studio» тобы «Сумашедшие девченки» атты биімен ашып, кітапханашылар бұл мерекенің тарихымен таныстырды. «DARA» балалар театр үйірмесі «Отан туған жер туралы» өлеңін, «Жаңа ғасыр» театр үйірмесі «Бақыт деген» өлеңін, «АpARTe» театр үйірмесі «Қошақан мен жаз», Антонова София «Мой Казахстан» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сердалина Даяна мен Үсенбаева Бағжан «Ер тұран» және «Нәр ағашы» күйін орындады. «Радуга» би тобы «Мир сладостей» биін биледі. Шара соңында үздік кітапхана оқырмандары дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Киреев Сағындық «Алашұлы тобы» әнімен аяқтады. Үлгілі балалар кітапханасы «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Данияр Абайевич Киноятовқа, ЖШС «Степногорск энергокешені» бас директоры Мақсат Нұртазаевич Искаковка, «Бриз» дүкені ЖК Светлана Юрьевна Есенжоловаға алғыс білдіреді.

«Ғажайыптар мен сиқырлар елінде!» әдеби аншлаг

Пікір үстеу