Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі Шаңырақ күніне арналған «Наурыз – дәстүрлі мерекем» атты кездесу кешін 3517 әскери бөлімінің сарбаздарымен өткізді. Мерекеге үлгілі Байназаровтар әулетін шақырдық. Қонақтар жастармен құнды отбасылық тәжірибелерімен бөлісті. Отбасылық ошақты сақтаудың маңыздылығы және отбасы жалпы қоғамның негізі болып табылатындығы туралы әңгімеледі. Сарбаздар қызығушылықпен сұрақтар қойып, үлкен қара шаңырақтың иесінен кеңестер алды.

«Наурыз – дәстүрлі мерекем» кездесу кеші

Пікір үстеу