Степногорск қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының мәдениет үйінде «Әдебиеттерді есептен шығарудың проблемалық мәселелері» атты облыстық семинар-практикумы жайлы әдістемелік сағат өткізді. Әріптестер алған білімдерімен ой бөлісті, түрлі бағыттағы жаңашыл жұмыстың үлгілерін айтты. Кітапхана ісін жаңғыртуға, әдебиеттерді есептен шығару мәселелері және жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталды. Кітапханаға оқырманды баулуда және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы — жүргізілетін көпшілік іс-шара жұмыстары алға жоспарланды.

«Әдебиеттерді есептен шығарудың проблемалық мәселелері» әдістемелік сағат

Добавить комментарий