Үлгілі балалар кітапханасында, балалар кітабы апталығы аясында қазақ балалар әдебиетіңің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Халқы сүйген қаламгер» атты дөңгелек үстел өтті. Іс –шараға №4 МГ 7 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың қазақ әдебиетіне деген ой-өрісін, қызығушылығын ояту.
Кітапханашы балаларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар «Балалық шаққа саяхат» повесі және «Өлгендер қайтып келмейді» романың талқылап, автордың шығармалары бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында балалардың назарына Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісі бойынша түсірілген фильмінен үзінді және кітап көрмесі ұсынылды.



