Үлгілі балалар кітапханасы «Кітап-жұмбақ, кітап-бұлақ, кітап сенің досың болады!» атты библио-шоу балалар кітабының апталығы аясында өткізді.
Іс-шараға № 3 КМЛ 1 «Б» сынып оқушыларымен кітапхананың белсенді оқырмандары шақырылды, Степногорск қаласының «Жоғары колледжі» МКҚК студенттері флешмоб биімен ашты.
Балалар ертегі кейіпкерлері ойнатқан жұмбақтардың қызығушылықпен жауабын айтып, «Волшебный сундучок», «Найди рифму», «Отгадай героя». викториналарына белсенді қатысты. Дәстүр бойынша кітапхананың үздік оқырмандары дипломдар және кітаптармен марапатталды. Іс-шара демеушілеріне алғыс білдіреміз:
Степногорск аумақтық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Киноятов Данияр Абаевич.
ЖШС «Степногорск Энергокешені» Бас директоры Искаков Мақсат Нуртазаевич.
«Бриз» дүкені ЖК Есенжолова Светлана Юрьевна.