«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,
қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында
жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет.
Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»
Н. Ә.Назарбаев

Орталық қалалық кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында «Менің елім – Қазақстан» атты танымдық ойын өткізді. Шараға «Мақсат» колледжінің НО-12 тобының студенттері қатысты. Кітапханашы туған жердің тарихын, шежіресі туралы мәлімет беріп, туған еліміз туралы сайыстың ережесімен таныстырды. Студенттер «Жас ұландар» «Жас талаптылар» екі топқа бөлініп, «Викториналық сұрақтар», «Мағынасын түсіндір», «Қай сөзді жоғалттым», «Полиглот» кезеңдері бойынша сайысты. «Қазақ елі» атты видео көрсетілім тамашалап, «Жаса Қазақстан» әнін бірге орындады. Шара соңында топтардың ұпай сандары есептеліп, жеңімпаз атанған «Жас ұландар» тобына мадақтама табыс етілді.

 

«Менің елім – Қазақстан»

Добавить комментарий