Орталық қалалық кітапхана «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында «Суреткердің парасат биігі» атты әдеби элегия өтті. Төлен Әбдікұлының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, шығармаларымен танысуға №5 КМЛ 9 сынып оқушылары қатысып, толық мәлімет алды.
Оқушылар қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата – ананы сыйлауға, ата – ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға, көңілтолмаушылық пен зілді суреттеген «Қонақтар» атты шығармасын оқып, өз ойларын жеткізе білді.
Жазушы осынау ғаламдық идеялардың барлығын шағын шығармаға ғана сыйдырып, атауына ерекше мән берген.

«Суреткердің парасат биігі» әдеби элегия

Пікір үстеу