Орталық қалалық кітапханада оқушыларды пікір сайысты тудыра отырып өз ойларын дәлелдеп, анық айтуға, өз бетінше ойлай білуге, қайырымдылыққа әдептілікке, инабаттылыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Сырласу» клубы мүшелері және № 9 ОМ 8 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Дүйсенбай Гульсанна Айдарқызы қатысты. Кітапханашы қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беру қажет екенін, ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейтініміз туралы айтып өтті. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. «Сырласу» клубы мүшелері Шадыкулова Алма, Абдиева Құралай, Дасимова Қалдыгүл «қыз бала мен ұл бала арасындағы ізет, парасат, мәдениет, кішіпейілділік, адамгершіліктерді жоғалтпай, ұлдан ұлағат, қыздан инабаттылықты сақтай біліңдер» – деп ақыл кеңестерін айтты.

«Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» тақырыпта дөңгелек үстел

Пікір үстеу