Жаңа кітаптар әлеміне саяхат

Кiтап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серiгi, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсi. Қалалық кітапхана Сіздерді қорға келіп түскен жаңа кітаптармен  танысуға, кітап оқуға шақырады!

Аққұлы, С. Дінмұхамед Қонаев: Әлихан Бөкейхан – алты алаштың пірі, рухани көсемі… : зерттеулер, мақалалар. / С. Аққұлы. – Нұр-Сұлтан: Алаш Орда, 2021. – 584 б.

Жинақта автордың Ұлы ойшыл ақын Абай, Кеңестік Қазақ елін ұзак жыл басқарған Д. А. Қонаев, Алаш атаулы ұлт-азаттық қозғалысы, партиясы, Ұлттық Республикасынң тарихы, көрнекті «Алаш» қайраткерлерi (Ә. Бөкейхан, Б. Сырттанұлы, М. Есболұлы, т.б.) өмiрi мен қызметінің көпшілікке беймәлiм кезендерi туралы 2016-2021 жылдары турлі басылым, конференция материалдарында жарияланған қазак, ағылшын және орыс тiлдерiндегi зерттеулерi, мақалалары, ғылыми баяндамалары камтылды. Кітап ұлт тарихынақызығатын қалың оқырман қауымға арналады.

Тохан, Б. Қазақ тіліндегі көне және сирек қолданыстағы сөздер сөздігі / Б. Тохан. – Алматы: Дәуір, 2021. – 464 б.

Тәуелсіздіктен соңғы 30 жылда мемлекеттік мәртебеге ие ана тіліміздің абыройын асқақтату мақсатында ондаған сөздiк кұрастырылып, қазақ тiлi туркi тiлдес халықтар iшiнде ең бай тiл екендiгiн көрсете білдік. Бұған Елбасының өзі жоғары бағалап, лебiзiн бiлдiрген, жуз мыңнан астам сөз бен сөз тіркестерiн қамтыған «Қазақ сөздiгi»  (Алматы, 2013 жыл) куә. Алайда кунi бүгінге дейiн қазақ тiлiндегi көне сөздердiң жеке сөздiгi кұрастырылмаған екен. Жазушы Бодаухан Тоханның бұл сөздiгi осы кемiстiгiмiздiң орнын толтыруға арналған еңбек. Замана ағымына сай сездiқ қорымыздағы сан мыңдаған сөздің көне сөзге айналған, тiптi белсендi қолданыста болуға тиiстi бiршама сөздiң аясы тарылып, жастар санасынан өшiп бара жатқан өмiр шындығын ойласақ, бұл еңбек бүгiнгi жастарымыз ушiн таптырмайтын оқу құралы болары анық.

Жер тағдыры – ел тағдыры. Қазақ Республикасының тұңғыш жер заңы; құраст. С. Аққұлы, А. Мырзағали. – Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2021. – 528 б.

Бұл жинақ XIX г. 60-70-iншi жылдары керші Ресей империясының отарлық бұғауына тап болған қазақ халқының ата-бабасынан қалған Ұлы дала жерiн қайтару жолында суға да, отқа тускен ұлт кайраткерлерінің XX ғ. басындағы патшалық кезең мен Кеңес өкіметі тұсында қазақ және орыс тiлдерiнде жазып қалдырған iргелi шығармаларын, зерттеулерiн, макалаларын, бағдарламаларын, сондай-ақ 1923 жылы қабылдаған тұңғыш Жер туралы заңын және т.б. кұнды дуниенi камтиды. Кітапта Ә. Бөкейхан, Т. Шонанұлы, М. Есболұлы мұралары және жер мәселесi карастырылған «Қарқаралы құзырхаты», «Қазақ Елінің Уставы», «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы сынды тарихи кұжаттардың узiндiлерi берiледi. Жинақ қалың оқырманға, гуманитарлық ғылымдар және заңқұқық саласының мамандары мен жас зерттеушілерге арналған.

Бес асыл іс. Балаларға арналған танымдық жинақ. Нұр – Сұлтан: «Алашорда» қоғамдық қоры, 2021. – 312 б.

 «Абай академиясы» сериясының бұл кітабы Абай Құнанбайұлының жас ұрпаққа тағлым, өсиеті қамтылған. Жинақта Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алған бес асыл іс туралы ойы талданып, бабалар ұғымына сай түсіндірілген. Бес санының танымдық мәнінен бастау алған түсіндіру, талдаулар «бес» саны аясына жинақталып, кемеңгер ақын туралы танымдық материалдар, ұсынылған тапсырмалар дерлік осы  бағытта топтастырылған. Сондай-ақ тақырып мазмұнын ашатын бейне және аудиоматериалдар әзірленіп, оларды пайдалануға QR код ұсынылған.   Жинақ жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш және орта буын деңгейіндегі оқушыларға арналған.

Ыбырай, С. Жарым адамнан толық адамға / С. Ыбырай. – Нур-Султан: Алашорда, 2021. – 208 б.

Бұл кiтапта Абай Құнанбайұлының «38 қара сөз» – «Ғақлиат тасдиқат» – «Kiтабa тасдиқ» мұрасы Мүрсейіт көшiрген нұсқасымен салыстырылып, бүгінгі қазақ тіліне лайықталып қайта жазылып шыққан. Шығарманың ғылыми-философиялық негiзi, «толық адам» идеясы, хакім қолданған ғылыми-методологиялық әдістер талданып, ой-тұжырымдарына түсінік берілген. Сондай-ақ қазiргi жастардың ұғымына жақындату мақсатында коучинг тәсілімен жазылған бөлiм енгiзiлген. Мұрадағы кездесетін Қуран аяттары мен араб-парсы сөздерiнiң мағыналары жаңадан толықтырылып, тупнұсқа тiлде қоса берілген. Абайдың діни-философиялык, oйтолғауларына байланысты жаңа анықтамалар жасалынып, «Ғақлиат тасдиқаттың» орысша және ағылшынша жаңадан жасалған авторлық аудармалары ұсынылған. Сонымен қатар автордың абайтануға қатысты басқа мақалалары берілген. Бұл басылымда қазақ руханиятының шамшырағы Абайдың «толық адам» идеясының мәнін ашуға талпыныс жасалған. Кітап хакiмнiң философиясына, коғамдық ойларына қызығушы зерттеушiлерге, жалпы оқырманға, әсiресе жастарға арналады.

Төлеубекова, Р. К. Абайдың педагогикалық дүниетанымы / Р.К. Төлеубекова, Т.С. Сламбекова, Е.Ө. Жұматаева жб. – Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2021. – 332 б.

«Абай академиясы» сериясының осы басылымында Абай Құнанбайұлының мұрасындағы педагогикалық, психологиялық, тәлiм- тәрбиелік мәселелер талданып, зерттелінген. Дәнектеме ретiнде кестелер, суреттер, матрицалар берiлiп, нұсқалы тұрғыда «Адам бол», «Толык адам бол», «Қалыпты адам бол», «Кемелді адам бол» тұжырымдары ұсынылған. Адамдық деңгейiнiң сатылар сараланды. Абай әңбектерiндегi ақыл-парасат парадигмасы негізінде жаңа бiлiм мен дуниетаным көзқарасының модельдері құрылды. Кітап педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушыларға жәпе сала мамандарына арналған.

Қадырбай, С. Шығармалар жинағы / С. Қадырбай; құраст. Е. Тоқтарбай, Б. Әбеу. – Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2021. – 272 б.

Қолдарыңыздағы шығармалар жинағы қазақтың біртуар тұлғасы Алаш қайраткері, заңгер, аудармашы Сейдәзім Қадырбайдың ғылыми- шығармашылық мұрасына арналған. Ғылыми басылымның бірінші тарауына заң, құқықтық-саяси iлiм салаларына қатысты аударма еңбектері енсе, екінші тарауға қайраткер туралы әр жылдары жазылған зерттеу мақалалар мен естеліктер топтастырылған. Бұрынсонды кітабы шықпаған арыстың алғашқы кітабына оның өмiр жолына, қоғамдықсаяси қызметiне қатысты архив материалдары мен құжаттар да қамтылды. Kiтап көпшiлiк оқырманға, гуманитарлық және құқық-заң саласының мамандары мен жас зерттеушілерге бағытталған.

Қорқытов, Б. Қаһарман батырлар мен ғұлама билер / Б. Қорқытов. – Алматы : Өлке, 2019. – 512 б.

 Көрнекті қаламгер, шынайы шежіреші Берік Қорқытовтың «Қаһарман батырлар мен ғұлама билер» атты кітабының танымдық-тәрбиелік мәні мол. Оқырмандардың сұранысына орай толықтырылып, түзетіліп қайта басылып отырған бұл кітап қалың көпшіліктің назарын аударады деген үміттеміз.

Кучинский, М. Х. Дала мен адам = Steppe und mensch = Степь и человек / М. Х. Кучинский ; [ред. Д. Қамзабекұлы ; ауд.: А. Біжкенова, Ж. Жақыпов]. – Нұр-Сұлтан : Алашорда, 2021. – 320 б. 

Бұл кітаптың авторы Германия ғалымы (медицина докторы, физиолог, антрополог, бактериолог), Берлин университетінің патология профессоры Макс Ханс Кучински (Мах Н. Kuczynski) 1924 жылы Қазақ даласын аралап, Алаш жұртының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, табиғаты мен денсаулық жағдайын, ем-домын еуропалық көзқараспен қызықты етіп хатқа түсірген. Бұл сапарды ұйымдастыруға Ә.Бөкейхан, Ә.Досұлы, Қ.Кемеңгерұлы т.б. тұлғалар атсалысқан. Еңбек 1925 жылы Лейпцигте басылып шығып, әлемдік ғылыми айналымға енген. Аталған мұра тұңғыш рет қазақ және орыс тілдеріне аударылып, оқырманға ұсынылып отыр.

Қожахметова, М. Менің шашылған энциклопедиям: портреттер,увертюра-эсселер,сүрет-сыр-сұхбаттар. / М. Қожахметова. – Алматы: Дәуір, 2021. – 704 б.

Автордың бұл жеке жоба-топтамасы төрт бөлімге жинақталған: 1. Музыка. 2. Балет. 3. Театр 4. Бейнелеу. Кескіндеу. Осы өнер түрлерініңқазақ топырағында тұған көрнектi тұлғаларымен қатар адамзаттың ортақ игілігіне, құбылысқа айналған есімдермен де, тарих қойнауына енген әр кезендегі өкiлдерiнiң бiр- бiрiне ұқсамайтын портреттерімен таныса аласыздар. Куй, вальс, соната, симфония, ән, жыр, би, сахна сиқыры, режиссерлік, актерлік шеберлік ізденістері, орындаушылық ерекшеліктері көр- кемдік мәнерiмен қызықтырады. Анық-қанық, нақты. Әрбiр кейiпкерi өз нотасының биiгiнде. Бей- нелеу әнерінің түрлі ғасыр аралығында інжу-маржанға айнаоған сурет, мусiндерi кенеттен сырын ашып, сарап шыға келгендей әсерге бөленді. Жинақтың композициялық құрылымынан талант атты ұлы ұғымның уақыттан тыс, азат, нактылай туссек-мәнгілік өзекті екені айқын аңғарылады. Тiлi тартымды, ойы телегей-теңіз «Менiң шашылған эшиклопедиям» қалың оқырманның игiлiгiне жол тартты. Интеллектуалдық сұранысты өтейтiндей қалуқары бар, мәдениет, әдебиет жа- нашырлары іздеп оқитын жинақ бұл, яғни әрқайсыңыздың және энциклопедияңыз. Ендеше оқуға асығыңыз, пiкiр түйіңіз, туйсіну, сезіну кеңістігіне қанат қағыңыз. Сұлулық әлеміне хош келдіңіз!

Қазақ телеэкраны : арналар тарихы мен есімдер / [құраст. Қ. Тұрсын ; ред. алқасы С. Оразалы [т. б.]. – Алматы : Дәуір, 2021. – 606 б. : сурет

Жинақта «Қазақстан» республикалық телерадиокорпора-циясының елімізде алғаш шаңырақ көтерген «Қазақстан» ұлттық арнасының және Қарағанды, Өскемен телеарналарының 60 жылдық мерейтойына орай даярланған тарихи-шежіреге толы жылдар сілеміндегі қалың қатпарлы тарихы, айтулы істері мен шығармашыльқ және техникалық саладағы кәсіби мамандардың ерен еңбектері, олардың әрбірінің өмірбаяндары жайлы тағылымды сыр шертеді. Асқаралы алпыстың қыратына көтерілген алпыс жылдың әрбір секунды мен сағаты, күндері мен түндері өлшеусіз ерліктерге пара-пар істерге толы болды. Осы жылдар биігінде республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі телеарналар күн-түн демей Отанның жүрек соғысы мен қарапайым адамдарының арман-аңсарын қазақ даласына асқақ үнмен жеткізіп жатты. Күндер жылдарға ілесіп, қазақ жерінің қалың қатпарлы тарихы мен шежіресі қатталып, тарихи құндылықтарға айналды. 60 жылдық тарихтың әрбір кезеңіндегі көрнекті тұлғалар мен қатардағы қызметкерлердің әрбірі біз үшін баға жеткісіз байлық. Олардың ерен еңбектері мен тағылымды істері жайлы сыр шертетін еңбек аттары аңызға айналған, кейбірі кітапта есімдері аталмай қалған абыздар мен тұлғаларға, олардың жанкешті істеріне арналды.

     Гульвира Серикпаева, ақпаратты-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі

Жаңа кітаптар әлеміне саяхат
Tagged on:

Пікір үстеу