Бүгін орталық қалалық кітапханада «Жазушы және уақыт» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонағы – жазушы, Бестөбе кентінің тумасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің иегері Әміржан Қайырұлы Әлпейісов. Кездесу кешіне ұстаздар, жоғары колледж студенттері қатысты. Кеш «Рауан» мәдениет үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Еркебаева Айтолқынның арнауымен ашылды. Әміржан Қайырұлы өзінің шығармашылығы, қазақ халқының тарихы туралы кең көлемді әңгіме өрбітті. Жазушы студенттердің қойған сұрақтарына толық жауап берді. Соңғы кезде жазып жүрген тақырыбымен, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Кеш «Горняк» мәдениет үйінің әншісі Қуатбаев Мағауияның шырқаған әнімен аяқталды. Қазақ халқының дәстүрі бойынша кітапхана басшысы Абильшенова Батеш Шакеновна Әміржан Қайырұлына шапан кигізді. Кеш аяқталса да оқырмандар тарқамай жазушымен естелікке суретке түсіп, кітаптарына қолтаңба алып жатты.

Сегодня в центральной городской библиотеке состоялся вечер-встреча «Писатель и время». Гость вечера-писатель, уроженец поселка Бестобе, профессор кафедры международных отношений Евразийского национального университета имени Л. Гумилева, кандидат исторических наук, обладатель литературной премии «Алтын калам» Альпеисов Амиржан Каирович. В мероприятии приняли участие преподаватели, студенты Высшего колледжа г. Степногорска. Вечер открыла руководитель домбрового кружка Дома культуры “Рауан” Еркебаева Айтолкын песней–арнау. Амиржан Каирович рассказал о своем творчестве, приводя интересные факты из истории казахского народа. Писатель подробно ответил на вопросы студентов, поделился планами на ближайшее время. Вечер завершился песней певца Дома культуры «Горняк» Куатбаева Магауии. По традиции казахского народа руководитель библиотеки Абильшенова Батеш Шакеновна накинула шапан на плечо Амиржана Каировича. Несмотря на то, что вечер закончился, читатели не ушли. Участники встречи фотографировались с писателем на память. Амиржан Каирович подарил присутствующим книги со своим автографом.

«Писатель и время» вечер-встреча

Добавить комментарий