#Qazaqstan30#30летНезависимости#Тәуелсіздікке30жыл

Тәуелсіздік – халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік – қазақ халқының ерік-жігері. Азаттықтың қазаққа оңай келмегені хақ. Қазақ жерінің жаңа тарихының беті ашылған, Алты алаштың айбынын асқақтатқан Тәуелсіздігімізге биыл – 30 жыл.

Тәуелсіздік бізге ең алдымен, той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін керек. Тәуелсіздіктің тайғақ кешулі жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттық ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белімізді талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз тәуелсіздікке қиын істе тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетеді.Халқымызда «Елу жылда – ел жаңа» деген сөз бар. Ал біз елдің жа¬ңаруына, адам танымастай тү¬леп-өркендеуіне небәрі отыз жыл ішінде қол жеткіздік. Егемендігіміз бен елдігімізді суреттеген Бестөбе кенті кітапханасының «Тәуелсіздік – арайлап атқан ақ таңы» атты презентацияны назарларыңызға ұсынады.

#Тәуелсіздікке30жыл «Тәуелсіздік – арайлап атқан ақ таңы» – Бестөбе кенті кітапханасының

Пікір үстеу