Орталық қалалық кітапханада ақпаратты-библиографиялық бөлімінде «Қоғам, құқық және жеке құқық» атты құқықтық ақпараттық сағаты өткізілді. Шараға № 9- мектептің 9-сынып оқушылары қатысты. Шара басында оқушылармен тренинг өткізілді. Кітапханашы Құқықтық ғұрыптар мен нормалардың шығуы туралы қысқаша түсінік беріп өтті.

Бұл орайда оқушыларға түсінікті болу үшін «Қасым ханның қасқа жолы» ондағы құқықтық басқару, әдет-ғұрыптық «жарғыны» оның 5 бөліміне, «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысына» тоқталып өтті. ҚР Конститутциясы туралы да айтылды. Оқушылармен «Тығырықтан шығар жол қайсы?»(ситуациялық жағдайды шешу) талқыланды.«Сенің құқығың, менің құқығым» сұрақ- жауап, «Жалғасын тап» (мақал-мәтелді жалғастыру) ойындары өткізілді. Шара соңында «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқушылар белсенді қатысып, шара қызықты да әсерлі өтті.

«Қоғам, құқық және жеке құқық»

Добавить комментарий