Құрметті әріптестер!
5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні бойынша ұсыным.
Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күні болып бекітілді.
Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады.
Тіл мерекесін тойлаудағы мақсатымыз Қазақстан халықтарының өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Тілімізді қадірлейік, құрметтейік. Тіл мерекесі құтты болсын!
Уважаемые коллеги!
Рекомендация 5 сентября — День языков народа Казахстана.
В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2017 года №689 «Об утверждении перечня праздничных дней в Республике Казахстан», 5 сентября – День языков народа Казахстана.
Стоит отметить, что праздник языка отмечается 5 сентября. Это день рождения Ахмета Байтурсынова, «Язык-мощь того, что может повлечь как сохранение, так и потерю нации», это слова человека, который, боролся за судьбу и за язык казахского народа, деятеля Алаш, учителя нации . Теперь все казахстанцы будут праздновать Праздник языка в день рождения ученого, основателя казахского алфавита.
Цель празднования праздника-повышение у народов Казахстана чувства уважения к своему родному языку, повышение статуса языка, обучение чистоте речи, привитие любви к своей национальности, стране. Цель мероприятия: повышение статуса казахского языка, повышение статуса государственного языка. Уважать языки всех народов, проживающих в Казахстане. Язык-история народа, язык-национальная сокровищница, язык — наша честь, совесть, богатство. Богатство языка-национальная гордость каждой страны. Давайте уважать свой язык. Да здравствует праздник языка!