Орталық қалалық кітапхана Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Шәкәрім Құдыйбердіұлының, Немат Келімбетовтың, Бауыржан Момышұлының шығармаларын насихаттау және жастарды кітап оқуға тарту мақсатында «Өнегелі өмір, өшпес мұра» флешмоб ұйымдастырды.

Шараға қаланың Тау-кен техникалық колледжінің студенттері, жұмысшы жастар қатысты.
Шара кітапхана фойесінен бастау алды. Кітапханашы жастарға Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихымен таныстырып, кітап оқуға шақырды. Музыка ырғағымен Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері мен шығармаларынан үзінділер оқылды.

Екінші қабатқа жиналған жастар Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерін оқыды. Немат Келімбетовтың шығармаларынан үзінді оқып, талқылады. Шараға жастар белсенді қатысып, тартымды өтті.

«Өнегелі өмір, өшпес мұра» флешмоб

Добавить комментарий