“Баласыз үй – мазар, балалы үй – базар” деп атам қазақ бекерден бекер айтпаса керек. Өскен сайын айналасын думан-күлкіге бөлейтін балақайлардың тілі де, қимылы да тәтті емес пе?! Орталық қалалық кітапханада балалардың сөйлеу тілін дамыту, ой-өрістерін, дүниеге көзқарасын дамыту мақсатында «Бала тілі – бал» танымдық бағдарламасы өткізілді. Бағдарламаға Ақмаржан, Ұлмекен Усенбековалар және Садыков Амирали қатысты.қатысушылар құлыншақтай тулап, қылығымен қуантып шаттандырды. Жүргізуші қойған сұрақтарға жауап беріп, өлең шумақтарын оқып берді.

«Бала тілі – бал» танымдық бағдарламасы

Добавить комментарий