Жастар санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру, туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласуын қалыптастыру, әдебиет арқылы туған жер тарихына қызығушылықтарын ояту мақсатында орталық қалалық кітапханада «Туған ел – тұнған шежіре» атты өлкетану сағаты өтті. Іс-шараға «Атамекен» өлкетану клубының мүшелері, № 5 мектеп лицейінің 8 сынып оқушылары, қала тұрғындары, зейнеткерлер Оразбек Балтабай Қабдышұлы, Алгожин Қазбек Боранбайұлы қатысты.

Кітапханашы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан «Туған жер» бағдарламасымен, Қазақстанның киелі жерлері тізімімен, оның ішіне енген Ақмола облысының тарихи ескерткіштерімен таныстырды. Бөгенбай ауылының тумасы Алгожин Қазбек Боранбайұлы Бөгенбай батырдың өмірбаяны, сүресі, ауыл тарихы туралы өте қызықты баяндап берді. Сөз кезегін алған Оразбек Балтабай Қабдышұлы Жолымбет кеніші, тарихы туралы баяндап, өз өмірбаянына тоқтала кетті. Қонақтар кітап көрмесінде қойылған әдебиеттермен танысты.

«Туған ел – тұнған шежіре» өлкетану сағаты

Добавить комментарий