«Әсемпаз болма әрнеге,
өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
кетігін тап та, бар, қалан!» Абай

Үлгілі балалар кітапханасында «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» – атты поэзиялық микс өткізілді. «Абай әлемі» атты кітап көрмесіне ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармалары қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі кітаптары қойылды.

Абай тек қазақ халқының ғана ақыны емес, әлемдік әдебиетке ортақ тұлға ретінде көрсетілді. Кітапханамыздың «Шамшырақ» әдеби клубының қатысушылары көрмеге тоқталып «Домбыраға қол соқпа», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін оқыды, «Абай өлеңдері» атты аудио кітапты тындады. Тап осылайша әр қазақтың баласы Абай өлеңдерін жатқа білсе, оқыса, ел ертеңі жарқын болары сөзсіз.

«Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы»

Добавить комментарий