Жастар жылы және Степногорск қаласының 55 жылдығына орай  орталық қалалық кітапханада қаламыздың жас ақыны Оспанов Еламанның «Бір қадам шексіз ғұмырым» атты алғашқы кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға «Горняк» МҮ директорының орынбасары Серік Мырзакәрімұлы,  режиссер Бауыржан Аманғазыұлы, Заводской кентінің әкімі Марат Еслямбекұлы, Заводской кенті МҮ меңгерушісі Әсел Ақыжанова және кітапхана қызметкерлері мен  тау-кен техникалық колледжінің студенттері, мұғалімдері, Еламанның отбасы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Еламанның алғашқы жыр жинағының шығуына себепші болған Заводской кентінің әкімі Марат Еслямбекұлы кітаптың тұсауын кесіп, шашу шашылды.

Бұл жыр жинақтарының жарыққа шығуына көмектесіп, демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген Ақмола облысы, Степногорск қаласы, «Степногорск Энергокешені» ЖШС бас директоры Каршегенов Алтынбек Төлеуғалиұлына алғыс білдірді.

Заводской кенті МҮ меңгерушісі Әсел Ақыжанова мен «Горняк» МҮ әншісі Қуатбаев Мағауия ән шашумен жас ақынды құттықтады.

Қатысушыларға ақынның кітабы таныстырылып, өлеңдері оқылды.

«Бір қадам шексіз ғұмырым»

Добавить комментарий