«Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» Халық данасы.

5 қыркүйек қазақ лингвистикасының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов пен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін біріктірген атаулы күн болып табылады. Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру мақсатымен орталық қалалық кітапхана тілдер күніне орай «Тілі бірдің – тілегі бір» әдеби слэм өткізді. Шараға №3517 әскери бөлімнің жас сарбаздары қатысты.

Кітапханашы «Қазақстан халықтарының тілдер мерекесімен» құттықтап, Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екендігін айтты. Ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз болып табылатындығы жайлы айтылып, көптеген мәлімет берді. Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, «Ұшқыр ой-жылдам жауап», «Мәнерлеп оқу» танымдық ойынына белсене қатысты. Кеш барысында әндер орындалып, белсене қатысқан сарбаздар мадақтамамен марапатталды.

«Тілі бірдің – тілегі бір»

Добавить комментарий