Дəстүр бойынша Степногорск қ. орталық қалалық кітапханасы 10 тамыз Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың туған күніне орай оқырмандарын ақын жырларымен сусындатады.

Бүгін “Ұлы Абайдың мəңгілік мұрасы” атты əдеби фестиваль жоғарғы деңгейде өз мəресіне жетті. Шараны мəдениет, тілдерді дамыту, спорт жəне дене тəрбиесі бөлімінің басшысы Айтпаева Баян Ермекқызы ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Ақын өлеңдері, қара сөздері оқылып, əндері орындалды. “Абайдың балалық шағы”, “Абайдың аманаты” шағын көріністе қойылды. Шара соңында кітапхана басшысы Роза Койкеновна əдеби фестивальға белсене қатысқан оқырмандарды марапаттады.

“Ұлы Абайдың мəңгілік мұрасы”

Добавить комментарий