«Менің туым-менің мақтанышым!» – Қырық құдық а кітапханасында

Қырық құдық а кітапханасында ҚР рәміздер күніне орай «Менің туым-менің мақтанышым!» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өтті. Іс-шарада 3-сынып оқушысы Ербақыт Ибраһим «Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқыды.

«Рәміздер – егемендіктің негізі» бейнеролик

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі рәміздер күніне арналған «Рәміздер – егемендіктің негізі» атты бейнероликті сіздердің назарларыңызға ұсынады.