«QazaQQuiz» жобасы (2026 ж.)
Жобаның мақсаты: Кітапхана қызметін заманауи форматта насихаттау, оқырмандарды рухани-мәдени құндылықтарға баулу; Оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту; Қоғамдық-мәдени іс-шаралар арқылы білімге, әдебиетке, тарих пен өнерге қызығушылықты арттыру.
Міндеті: Кітапхана базасында танымдық және мәдени бағыттағы түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастыру; Жастардың логикалық ойлау қабілетін, білімге құштарлығын дамытуға жағдай жасау; Ұлттық және әлемдік әдебиет, тарих, мәдениет туралы мәліметтерді кеңінен насихаттау;Оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету, шығармашылыққа баулу.

Жоба «Киіз үйден ЖИ-ке дейін» (2026 ж.)
Жобаның мақсаты: Жастар мен қоғамда дәстүрді ауызша нысандардан қазіргі заманғы цифрлық және жасанды – интеллектуалдық технологияларға дейін қазақстандық мәдениетті, әдебиетті және ойлауды дамытуға тұтас көзқарасты қалыптастыру. Ағартушылық: қатысушыларды Қазақстанның мәдени және зияткерлік тарихының негізгі кезеңдерәімен таныстыру. Білім беру: әртүрілі дәуірдегі қазақстандық жазушылардың шығармашылығын оқуға және зерттеуге қызығушылықтарын дамыту. Сандық: мәдени мұраны сақтауда заманауи технологиялардың (нейрондық жел, мультимедия) мүмкіндіктерін көрсету. Патриоттық ұлттық өзін-өзі тануды және мәдени тамырларға деген құрметті нығайту. Инновациялық: дәстүр мен жасанды интеллектті біріктіретін кітапханалық-Мәдени іс-шаралардың жаңа форматын құру.

«KITAP. FEST» жобасы
Жобаның мақсаты: Балалар арасында қазақстандық және шетелдік жазушылардың шығармаларына тұрақты қызығушылық қалыптастыру;
балалар жазушылары мен олардың шығармаларының мерейтойлық даталарына арналған іс-шараларды өткізу және сүйемелдеу.
Жобаның міндеті: оқырмандар санын арттыру; балалар кітаптарын таныстыру (презентациялау); оқу арқылы балалардың зияткерлік, танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту; жазушылар мен ақындардың архивтік фотосуреттері негізінде фотоколлаж көрмелерін ұйымдастыру.

«Discover BOOK» (2026г.)

Жоба мақсаты: Жаңартылған және сұранысқа ие кітапхана қорын қалыптастыру, заманауи жарнамалық тәсілдерді қолдану, жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану, креативті іс-шаралар ұйымдастыру.
Жобаның міндеттері:
Оқырмандардың сұранысы мен жанрлар бойынша жаңа кітаптарды сатып алу жоспарын әзірлеу.Әлеуметтік желілерде кітапхана қоры туралы тұрақты айдар іске қосу.
Кітаптарға назар аудартатын креативті акциялар мен іс-шараларды ұйымдастыру.

«Жан жылуы» клубы /2026 ж./ мүмкіндіктері шектеулі адамдарға.
Мақсаты: Кітапханада ақпараттық мәдениетті, коммуникативтік дағдыларды, шығармашылық және рухани-адамгершілік әлеуетті дамытуға, сондай-ақ денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне ықпал ететін ақпараттық, мәдени-шығармашылық және психологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыру.
Клубтың міндеттері: Кітапхана тарапынан денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көрсетілетін ақпараттық және мәдени-демалыс қызметтерінің сапасын арттыру. Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ақпараттық және жалпы мәдени қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында кітапхананың ақпараттық және материалдық ресурстарын кеңейту.

Қарт адамдарға арналған «Сырласу» клубы – қарт жастағы адамдардың еркін қарым-қатынас жасауына, өмірлік тәжірибесімен бөлісуіне, эмоционалдық қолдау алуына және бос уақытын белсенді өткізуіне мүмкіндік беретін жылы әрі сенімді орта қалыптастыруға бағытталған клуб.
Клубтың мақсаты: Қарт адамдардың өмір сапасын тұрақты қарым-қатынас ұйымдастыру, психологиялық денсаулықты қолдау және әлеуметтік-мәдени іс-шараларға тарту арқылы арттыру.
Клубтың міндеттері: Демалыс пен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру;
– Қарт адамдардың өмірлік белсенділігін арттыру;
– Өмірлік тәжірибе мен дәстүрлерді сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Қарт адамдарға арналған «ПапМам» отбасылық клубы – қарт жастағы адамдар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, қарым-қатынас орнату, белсенді демалыс ұйымдастыру және адамдар арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында құрылған орта. Клуб қатысушыларына жылы ортада уақыт өткізуге, тәжірибе алмасуға, эмоционалдық және практикалық қолдау алуға, сондай-ақ түрлі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді.
Мақсаты:Отбасылар үшін қолдаушы әрі дамытушы орта қалыптастыру, онда пайдалы ақпарат пен тәрбие дағдыларын алу, отбасы ішіндегі қарым-қатынасты дамыту және шығармашылық пен дамытушы іс-шараларға бірлесіп қатысу мүмкіндігі қарастырылады.
Клубтың негізгі міндеттері: Отбасылық қарым-қатынасты нығайту;
– Ақпараттық қолдау көрсету, кездесулер, тақырыптық дәрістер мен кеңестер ұйымдастыру; – Қауымдастық қалыптастыру, достық кездесулер өткізу және отбасылардың өзара белсенді қарым-қатынасын дамыту.

«IQ Quest Shjw» интеллектуалды клуб (2026 г.)
Мақсаты: Жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын және мәдени демалысын тиімді пайдалану мақсатында ақпараттық алаң құру.
Клубтың міндеттері: Жастарға арналған ақпараттық кеңістікті дамыту;
жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту және қолдау;
жастардың мәдени деңгейін арттыру және шығармашылық-спорттық әлеуетін дамыту, қалалық іс-шараларға белсенді қатысуға ұмтылдыру; топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;шығармашылықтың жаңа түрлерін байқап көруге мүмкіндік беру.

 «Жыр шуағы» әдеби клуб. Мақсаты: Оқушылардың поэзияға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен әдеби сауаттылығын дамыту, өз ойын көркем сөз арқылы еркін жеткізе білуге үйрету, классикалық және заманауи поэзиялық шығармалармен таныстыру арқылы рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту. Міндеті: Оқушылардың әдеби шығармаларды оқу және талдау дағдыларын дамыту. Өлең оқу мәдениетін қалыптастыру, мәнерлеп оқу қабілетін жетілдіру. Шығармашылық жазу дағдыларын дамыту (өлең, шағын эссе, ойтолғау). Қазақ және әлем поэзиясының үздік үлгілерімен таныстыру. Оқушылардың өзіндік пікірін еркін білдіруіне жағдай жасау.Топпен жұмыс істеу, өзара пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру.