6 қарашада Үлгілі балалар кітапханасында «Оқитын ұлт» жобасы аясында Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасына арналған «Жұлдыздар мен жүрек әлемі» атты әдеби подкаст өткізілді.
Іс-шараға BookClub Qazaq клубының мүшелері шақырылды. Кітапханашы француз жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, қатысушылар Кішкентай ханзаданың ізімен ғаламшарларға саяхат жасады. Кездесу барысында махаббат, достық, адалдық сияқты маңызды ұғымдар талқыланып, шығарманың басты тағылымы – «Біз өзіміз баурап алған жандар үшін әрдайым жауаптымыз!» деген терең ойға тоқталды.
«Жұлдыздар мен жүрек әлемі» әдеби подкаст
