Орталық қалалық кітапхананың ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – ұлттық байлық» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Іс-шараға Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары қатысты.
Кітапханашы оқушыларға теңгенің шығу тарихы, ұлттық валютаның қалыптасу жолы мен оның тәуелсіз еліміздің экономикалық дамуы үшін атқаратын рөлі жөнінде әңгімеледі және де теңгенің айналымға енгізілуіне қатысты қызықты деректермен бөлісті. Түрлі танымдық тапсырмалар мен зияткерлік ойындар арқылы білімдерін толықтырып, тапқырлық және шапшаңдық қабілеттерін көрсетті.
«Ұлттық теңге – ұлттық байлық» зияткерлік сайыс
