Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелерімен Кенішілер күніне орай «Кенші еңбегін ұлықтаймыз» атты Марат Бектурсуновтың кітабының тұсаукесерін өткізді. Кітапханашы Марат Бектурсуновтың кенші отбасынан шыққан еңбек адамы ретінде, кәсіби жолын жер астында ағаш өңдеуші мамандығынан бастап, маңдай тері мен мол тәжірибесінің арқасында Бестөбе кенішінің бас инженері қызметіне дейін көтерілгені, Кен өндірісіне сіңірген еселі еңбегі еленіп, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталғаны туралы айтты. Кітаптың мазмұны мен автордың шығармашылық еңбегімен таныстырып, кітапта баяндалатын кеншілердің еңбегі, өндіріс тарихы және еңбек адамдарының тағдыры туралы сөз қозғады. Қатысушылар кітаптың жарыққа шығу тарихымен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері кен өндірісінің қала өміріндегі орны, кеншілер еңбегінің ерекшелігі туралы естеліктерімен бөлісті.
«Кенші еңбегін ұлықтаймыз» Марат Бектурсуновтың кітабының тұсаукесер
