23 маусым – Полиция күніне орай қалалық кітапханада Степногорск қаласы полиция және мамандандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлерімен «Қауіпсіз елдің қамқоршылары» атты интерактивті викторина өткізілді.
Шара барысында қатысушылар түрлі танымдық ойындар мен қызықты тапсырмаларға белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар Президент ұсынған 7 кітап негізінде ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, тағылымды өлең оқылып, бейнеролик көрсетілді. Мерекелік кеш кітапханашылардың орындауындағы әсем әнмен аяқталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Қауіпсіз елдің қамқоршылары» интерактивті викторина
