Қалалық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» бастамасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші томына арналған лекторий өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға шығарманың жазылу тарихы, Абай Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, оның тұлға ретінде қалыптасу жолы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар романда көрініс тапқан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары кеңінен таныстырылды.
Шара соңында кітапханашы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған кітап көрмесіне шолу жасап, қатысушыларды ақынның өлеңдері, қара сөздері және өмір жолы туралы әдебиеттермен таныстырды.

«Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру»
Tagged on:

Добавить комментарий