Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі өткізген «Сенім. Қорғау. Қамқорлық» тренинг тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Іс-шараға Степногорск қ. ПБ ҚҚБ ОТЗЗҚКБ бастығы полиция майоры Жанна Рахметуллақызы Жапарова және Жоғары тау-кен және өнеркәсіптік колледжінің студенттері қатысты. Жанна Рахметуллақызы отбасылық және тұрмыстық қатынастарға қатысты заңнамалық түзетулер және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың салдары туралы ақпарат берді. Кітапханашы тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері мен отбасылық қарым-қатынасты сақтау әдістерін талқылады. Студенттер жағдайлық рөлдік ойынға қатысып, стрессті жеңілдету және тыныштандыру әдістерімен танысты.

«Сенім. Қорғау. Қамқорлық» тренинг

Добавить комментарий