5 маусым Үлгілі балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Экология күніне орай «Экология табиғат жүрегі» атты экологиялық сабақ өткізілді. Іс шараға С.Сейфуллин атындағы №5 мектеп-лицейінің «Күншуақ» жазғы алаңының «Балапан», «Көбелек» топтары қатысты. Кітапханашы табиғаттың адам өміріндегі маңызы, қоршаған ортаны таза ұстау, өсімдіктер мен жануарларды қорғау туралы әңгімелеп, табиғатты сақтау және оны келер ұрпаққа аман жеткізу әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін түсіндірді. Балалар түрлі танымдық және қимылды ойындарға қатысып, табиғатты қорғау жөніндегі білімдерін ортаға салды.

«Экология табиғат жүрегі» экологиялық сабақ
Tagged on:

Добавить комментарий