Үлгілі балалар кітапханасында 9-мамыр — Жеңіс күніне арналған «Отан үшін соққан жүрек» атты ерлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға «Жыр шуағы» клубының мүшелері қатысты. Кітапханашы Жеңіс күнінің маңыздылығын, Отан үшін күрескен батырлардың ерліктері туралы айтып, «Жеңіс жолы — ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесімен таныстырды. Қатысушылар «Соғыс қасіреті» атты бейнебаян көріп, патриотизм, ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік туралы тақырыптарды талқылап, түрлі тапсырмалар орындады.
«Отан үшін соққан жүрек» ерлік сағат
