Орталық қалалық кітапханада 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ер есімі ел есінде» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Ұлы Отан соғысы туралы кеңінен мәлімет беріп, сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің соғыс тақырыбын арқау еткен шығармаларына тоқталды.
Іс-шара аясында қатысушылар Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін жалғастырып, олардың терең мағынасына талдау жасады.
Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнероликтер – «Жусан иісі» мен «Тұғыр мен ғұмыр» шығармалары бойынша жасалған комикс те көрсетіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара соңында кітапханашы «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесімен таныстырып, қатысушыларға майдан тақырыбына арналған әдебиеттерге шолу жасады. Қорытынды бөлімде «Майдан хаттары» атты танымдық ойын өткізіліп, қатысушылар соғыс кезіндегі хаттардағы сөздер арқылы өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
«Ер есімі ел есінде» тағылымды іс-шара
