Орталық қалалық кітапханада 16 сәуір – Ұлттық кітап күні апталығы басталуына орай «Артық білім – кітапта» атты ашық есік күні өтті. Іс-шараға Абай Құнанбайұлы атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Бүгінгі шараның басты бағыты – кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен парасаттың қайнар көзі дегендей, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.
«Артық білім – кітапта» ашық есік күні
