Көрісу күні ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін, адамдарды бір-біріне жақындатып, амандық пен татулыққа үндейтін ерекше мереке. Осыған орай Орталық қалалық кітапханада «Көрісу – халқымыздың көне дәстүрі» атты көрісу амал мерекесі өтті. Іс шараға №2 А.Байтұрсынұлы атындағы ОМ оқушылары, ақ сақалды аталар, ақ жаулықты апалар және Ақмола облысы МКҚБ полиция ротасы қатысты. Кітапханашы «Бір жасыңмен!» деп көрісу күнінің дәстүрін насихаттады. ЖИ арқылы көрісу күнінің тарихы көрсетілді. Полиция ротасының взвод командирі полиция лейтенанты Түменбаев Саулет Сарсенбайұлы Қыдыр ата болып бата берді. Балалар ұлттық ойындардан «Орамал тастау», «Асық ату» ойындарын ойнады. Үлкен кісілерге сый-сияпаттар үлестірілді. «Ұлттық мереке – ұлтқа өнеге» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Көрісу – халқымыздың көне дәстүрі» көрісу амал мереке

Добавить комментарий