18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Орталық қалалық кітапханада «QYZDAR Battle 2026» креатив-шоуы өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Сәлем, бұл мен!» (GRWM), «Prompt battle», «Өнер керуені», «Сән әлемі». Қатысушы арулар тек сұлулығымен ғана емес, білімділігімен, тапқырлығымен және өнерімен ерекшеленді.
Жеңімпаздар көрермендердің QR арқылы берген дауысы негізінде анықталды:
І орын – Жақсылық Назлы,
ІІ орын – Касилин Інжу,
ІІІ орын – Такишева Жанель.
Арнайы номинациялар:
«Style Queen» – Орынбаева Амира,
«Creative Girl» – Макашева Тамила.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«QYZDAR Battle 2026» креатив-шоу

Добавить комментарий