Орталық қалалық кітапханада «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» атты мазмұнды құқықтық сағат өтті. Іс-шараға Степногорск қаласының прокуратура қызметкерлері арнайы қатысып, 3517 әскери бөлімінің сарбаздарымен тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында заң өкілдері сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, оның құқықтық жауапкершілігі және алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндіріп, сарбаздардың көкейіндегі сауалдарға нақты жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушылар «Әділет жолы – адалдық жолы» атты кітап көрмесімен танысты.
«Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық» мазмұнды құқықтық сағат
