Орталық қалалық кітапханада буллингтің алдын алуға арналған «Мейірімді орта – қауіпсіз орта» атты workshop/тренинг өтті. Іс-шараға А. Байтұрсынұлы атындағы № 2 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында буллинг ұғымы, оның түрлері мен салдары түсіндіріліп, мейірімді әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы талқыланды. Оқушылар тренингтік ойындар мен жағдаяттық тапсырмаларға қатысып, өз ойларын еркін білдірді.
Іс-шара соңында кітапханашы «Буллингсіз қоғам – қауіпсіз орта» кітап көрмесімен таныстырып, қатысушылар «Мейірімді орта – қауіпсіз орта» уәдесіне қол қойды.
«Мейірімді орта – қауіпсіз орта» workshop/тренинг
