Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі қазақтың көрнекті күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Аңызға айналған күйші» атты интерактивті викторина өткізді. Іс-шараға Тау-кен техникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Кітапханашы Дина Нұрпейісованың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы жайлы мазмұнды мағлұмат беріп, оның қазақ күй өнеріндегі айрықша орнына тоқталып өтті. Студенттер «Өмір өрнегі», «Музыканы таны», «Күйді тап», «Қимыл сөйлейді» және «3 сурет – 1 сөз» сынды танымдық ойындарға қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылар Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған кинолентаны тамашалап, кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен танысты.
«Аңызға айналған күйші» интерактивті викторина
