2 ақпанда Үлгілі балалар кітапханасында Вильгельм Гриммнің туғанына 240 жыл толуына орай «Ағайынды Гриммдердің 1000 және бір тарихы» атты квиз-шоу өтті.
Іс-шараға «Книголёнок» отбасылық оқу клубының мүшелері шақырылды.
Кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып, ағайынды Гриммдердің өмірі, олардың ғылыми және шығармашылық қызметі туралы айтып берді. Балалар ата-аналарымен бірге викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, түрлі тапсырмалар мен конкурстарға қатысты: әдеби ребустарды шешті және ертегі кейіпкерлерінің қай тілде сөйлейтінін анықтады.
Бұл іс-шара балалардың әлемдік фольклор саласындағы ой-өрісін кеңейтуге және ағайынды Гриммдердің көрнекті ғалым, халық ертегілерін жинаушы ретіндегі қызметімен таныстыруға бағытталған.

«Ағайынды Гриммдердің 1000 және бір тарихы» квиз-шоу

Добавить комментарий