Орталық қалалық кітапханада Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жылдығына орай Степногорск қ. Л.Н. Толстой атындағы № 4 мектеп гимназиясының 10 «Ә» сынып оқушыларымен «Ұлт мақтанышы» атты әдеби – тарихи сағат өтті.
Іс-шара барысында Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер ұсынылып, «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» еңбектерінің тарихи және рухани маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар ұлт тұлғаларының ел болашағы үшін жасаған еңбегін терең танып, өз пікірлерін талдап, ой еркіндігін дамытуға мүмкіндік алды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, Алаш арыстарының мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Шара соңында кітапханашы оқушыларды «Міржақып мұрасы – мәңгілік» атты мазмұнды кітап көрмесімен таныстырды.
«Ұлт мақтанышы» әдеби-тарихи сағат
