Орталық қалалық кітапханада «Stop Violence: Біз тең құқықты қолдаймыз» атты ашық микрофон форматындағы мазмұнды кездесу «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Степногорск қаласының Жоғары колледжі мен «Мақсат» колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті.
Іс-шараға Степногорск қалалық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының басшысы Жолмағанбаева М.Е., «Өмір» орталығының кәсіби психологы Шаврова Н.В. және заңгер Салимова З.К. қатысты. Маңызды мәселелер төңірегінде терең ой қозғалып, жан-жақты ақпарат ұсынылды. Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны А.Г. Жекина интернет-алаяқтық және дропперлік туралы өз мәліметімен бөлісті. Жастар ашық пікір алмасып, ойларын еркін жеткізіп, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, қоғамдағы өзекті мәселеге бейжай қарамайтын белсенділіктерін көрсетті. Кітапханашы қатысушыларды «Зорлық-зомбылыққа қарсы ақпараттық құралдар» атты мазмұнды кітап көрмесімен таныстырды. Көрме студенттерге қажетті ақпарат пен пайдалы әдебиеттерге жол ашып, маңызды тақырып бойынша білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Stop Violence: Біз тең құқықты қолдаймыз» атты ашық микрофон

Пікір үстеу