11 қараша күні үлгілі балалар кітапханасында «Эрудит» интеллектуалдық клубы аясында Ұлттық валюта күніне арналған «Теңгенің ізімен» атты танымдық ойын өтті. Ойынға №1 жалпы білім беретін мектептің 6 «А» және 6 «Б» сыныптарының командалары қатысты.
Балаларға Қазақстан ақшасының тарихы туралы слайд-презентация көрсетіліп, кейін олар электронды викторина сұрақтарына белсене жауап беріп, экранда банкноттардың пазлдарын құрастырды. Әр командаға үй тапсырмасы ретінде — болашақтың банкнотын ойлап тауып, суретін салу берілген еді.
«Беркуты» командасы бұл тапсырманы өте жақсы орындады!
Ойынның жеңімпазы да — «Беркуты» командасы атанды.
Қатысушыларға мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтар табысталды.
«Теңгенің ізімен» танымдық ойын
