Орталық қалалық кітапханада қалалық колледж студенттеріне арналған «Кітап пен жастар – болашақтың кепілі» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға Тау-кен техникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысып, кітапханамен жан-жақты таныстырылды. Қатысушыларға арналған мазмұнды экскурсия барысында студенттер үш аймақтан өтті: «Ақыл аймағында» жастар еліміздің тарихы мен ұлттық құндылықтарымызға қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. «Сырлы саз аймағында» қазақтың әсем әндерін тыңдап, олардың атауларын табу арқылы ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. «Даналық аймағында» қатысушылар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді топтастыру тапсырмасын орындап, халық даналығына тағы бір қадам жақындады. Сонымен қатар, студенттер қазақтың атақты тұлғалары туралы QR код арқылы дайындалған заманауи ақпараттық материалдармен танысып, жаңа форматтағы танымдық мүмкіндіктерге куә болды. Іс-шара жастардың таным көкжиегін кеңейтіп, кітапхананың білім мен мәдениеттің ордасы ретіндегі рөлін айқын көрсетті.
«Кітап пен жастар – болашақтың кепілі» ашық есік күні
