Орталық қалалық кітапханада ақпаратты-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері «Тарихи өлкетану әлемі: библиографтың тәжірибесі» атты әдістемелік сағат өткізді. Кездесу барысында библиографтар дәстүрлі және заманауи форматтарда библиографиялық құралдар әзірлеу тәжірибесімен бөлісті. Іс-шарада өлкетануға арналған «Менің өлкем — Ақмола» библиографиялық куб онлайн-квесті мен басылымдар таныстырылды. Тәжірибелік бөлімде әдебиеттердің ұсынымдық тізімдерін құрастыру, ақпараттық шолулар дайындау, жаңа кітаптарды TikTok әлеуметтік желісінде ілгерілету бойынша шеберлік сабақтары өтті.

«Тарихи өлкетану әлемі: библиографтың тәжірибесі» әдістемелік сағат

Пікір үстеу