24 қазан – Кітапханашы күні!
Бүгін біздің кітапханаға МШЛ №3 мектебінің 9 «Г» сынып оқушылары ерекше мақсатпен келді — олар бір күнге кітапханашы болып көрді! Дублёр күні кәсіби ұғымдармен танысудан басталды: алфавиттік және жүйелі каталогтар, кітаптың шифры, кітапхана-библиографиялық жіктеу кестелері, оқырман формуляры. Оқушылар оқырманның сұранысын орындап, каталогтан кітап тауып, оқырманды тіркеп, кітап беріп және қабылдап көрді. Сондай-ақ олар әдетте оқырман кірмейтін орындарда — кітап қоймасында және толықтыру бөлімінде болды. Жас кітапханашылар кітапханашының еңбегі қаншалықты көпқырлы әрі жауапты екенін өз көздерімен көріп, ерекше әсер алды.
24 қазан – Кітапханашы күні!
			
				