Орталық қалалық кітапханасында Құтқарушылар күніне орай төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ерлікке толы еңбегіне тағзым еткен әсерлі кездесу кеші өтті. «Өрт сөндірушілер – жердің қорғаны» атты бұл шара ерлік пен адамгершілікті ұлықтауға арналды.
«Құтқарушы қызметкердің бір күндік өмірінен үзінді» және «Бала тілі – бал» атты бейнероликтер, жасанды интеллект көмегімен дайындалған әсерлі көріністер көпшілік назарына ұсынылды.
Мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылып, от пен судың ортасында өмірін қатерге тігіп, халық қауіпсіздігін қорғап жүрген ер жүрек құтқарушылар туралы әдебиеттер көрермендер назарына ұсынылды.

«Өрт сөндірушілер – жердің қорғаны»

Пікір үстеу