17 қазан күні Орталық қалалық кітапханада Тау-кен техникалық колледжінің «Маркшейдерлік іс» мамандығының 1-курс студенттері қатысқан «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты сұхбат-әңгіме өтті.
Кездесуге Жастар ресурстық орталығының теологы Худайберген Т. қатысып, рухани келісім мен тұрақтылықтың қоғамдағы маңызы жайлы ой бөлісті. Студенттер теолог маманға сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.
Шара жастардың рухани ой-өрісін кеңейтіп, бейбіт өмір мен өзара түсіністіктің маңызын терең ұғынуға ықпал етті.
«Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» сұхбат-әңгіме